KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, В
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да туризмді дамытуға былтыр 12 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

Фото: Редакция мұрағатынан

14.06.2024, 14:00 125 Айжанат Бақытқызы

2023 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына 12 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға артық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі туризмнің болашағы және инфрақұрылымды дамыту туралы баяндады.

Ермек Көшербаевтың айтуынша, аймақтағы ішкі туристердің саны былтыр 351,7 мыңға жеткен (өсім 2,7%), ал өңірге келушілер саны 18,3 мың адамға жетті (өсім 2,9%).

Мұның бәрі 2023 жылы көрсетілген қызметтер көлемін 6 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 21,3%-ға артық.

– Өңір туризмін дамытуды жалғастырамыз. Негізгі тетіктердің бірі - логистика. Биыл жарияланған Жол жылы аясында жалпы ұзындығы 600 шақырым жол жөндеу жоспарланып отыр, оның ішінде туристік нысандарға апаратын 121 шақырым жол бар. Осы мақсаттарға бюджеттен жалпы сомасы 28,5 млрд теңге қаражат қарастырылған, - деді Ермек Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша, бірінші кезекте өңірдегі басты туристік аймақтар мен нысандарды жалғайтын жолдарды жөндеу қолға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу