ШҚО-да туризмді қалай дамытады?
Биыл облыстың туризм саласын дамытуға 15 млрд теңге жұмсалды, өсім 36 % болды. Келер жылы 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өскеменде өтіп жатқан аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың тұрғындармен есептік кездесуінде айтылды. Облыс әкімі туризм саласын белсенді дамыту қажеттілігі туралы айтып өтіп, көлік логистикасына, сервис пен қонақүй инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлу керек екенін алға тартты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті зор. Аймақта шетелдік туристерді тартатын бренд өнімдер де бар.
Алдағы уақытта Бұқтырма су қоймасының жағалауын, Риддердегі қысқы туризм түрлерін, Катонқарағай ауданында емдік-сауықтыру туризмін дамыту жоспарланған.