KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ана мен баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғаймыз?

21.06.2024, 11:40 141 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында балалар мен әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған семинар өтті.

Екі күнге созылған іс-шарада бгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Өз өміріңді сақта!» деген тақырыппен өткен семинардың басты мақсаты – балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және сондай-ақ балалармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттырып, ақпарат беру.

 – Бүгін семинардың соңғы күні. Кеше балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың түрлері, оны қалай анықтап, қалай көмек көрсету керектігін баяндадық. Қатысушылар топқа бөлініп, тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Негізгі мақсатымыз балалармен жұмыс істейтін әр сала өкілдерінің біліктілігін арттырып, біріге жұмыс істеуге шақыру. Бұл семинар бүкіл ел бойынша өткізілетін болады. Бүгін төртінші облысқа келіп тұрмыз,  – деді Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау ұйымының басшысы Жанар Нұрмұханова.

Айта кетейік, аталмыш семинарға көршілес Павлодар және Абай облыстарынан да мамандар қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив