Зорлық-зомбылық көрген балаларға көмектесу үшін арнайы бағдарлама әзірленуде
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір бала үшін қауіпсіз және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
Бағдарлама аясында буллингке ұшыраған және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға құқықтық, психологиялық қолдау көрсетіледі. Негізгі мақсат - зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделін құру және көмек көрсету процесінде балаларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделі әзірленеді. Сот-медицина сараптамасын жүргізу, полиция қызметкерлерінің сұрақ-жауап алуы осы кабинеттерде жүргізілетін болады.
Кабинеттер қызметінің бірыңғай моделін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға осы сынды кабинеттерді ашу стандарты ретінде ұсынатын болады.