KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Денсаулық сақтау министрлігі кенелерден сақтануға шақырады

Фото: labquest.ru

24.06.2024, 09:51 43 Айжанат Бақытқызы

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинациялауға жұмыстары аурудың табиғи ошақтарында болумен байланысты орманшылар, геологтар және аңшылар жатады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

-           Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды. Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды. Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар, - делінген министрліктің хабарламасында.

Кене энцефалитін жұқтыру негізінен табиғи жағдайда эндемиялық аумақтарда болады.

Денсаулық сақтау министрлігі өзіңізді және жақындарыңызды кенеден қорғау үшін мына шараларды қабылдауға кеңес береді:

  1. Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
  2. Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқ киімді таңдаңыз.
  3. Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денені кенелердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.
  4. Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
  5. Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін кене шаққаннан кейінгі алғашқы төрт күнде медициналық ұйымға барып, дәрігерге қаралу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив