Жыл басынан бері елде 7,5 мың адамды кене шаққан
pexels.com
Биыл 25 598 адам кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинациялаудан өтті.
Жоспарлы вакцинацияны аурудың табиғи ошақтарында жұмыс істейтін және орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты адамдар алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.
Кене энцефалитін жұқтыру негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда орын алады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
1. Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
2. Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқ киімді таңдаңыз.
3. Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денені кенелердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.
4. Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
5. Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.