KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Қазақстанда 1 шілдеден бастап өндірілген дәрі-дәрмектерге міндетті таңбалау енгізілді

Фото: gov.kz

3.07.2024, 17:00 150 Айжанат Бақытқызы

Үкімет 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты, қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, міндетті таңбалау енгізілетіні анықталды.

Енді әрбір дәрінің қаптамасында цифрлық код болады. Сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын және оның жарамдылық мерзімін тексеруге болады.

Қаулы 2024 жылдың 3 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу