KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

80 мыңнан астам шығысқазақстандық қант диабеті мен қан қысымына тексерілді

3.07.2024, 16:01 97 Айна Ескенқызы

Ағымдағы жылдың бес  айындағы скринингтік зерттеулердің қорытындылары облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевтың төрағалығымен өткен басқарма жұмысының отырысында сөз болды.

Басқарма басшысының орынбасары Айнаш Қапанова баяндағандай, скринингтік зерттеулер кезінде екі мыңнан астам адамда артериялық гипертония және жүрек ауруының ишемиясы анықталды, тексерулермен барлығы 40 227 шығысқазақстандық қамтылды.

-Облыс емханаларында есепті кезеңде 42 мыңға жуық адам қант диабетін ерте анықтауға арналған скринингтен өтті. Нәтижесінде  311 пациент есепке алынды. Бірінші рет  тексеріліп отырған 43 мың адамның 29-ы глаукомамен есепке алынды, - деп нақтылады Айнаш Қапанова.

Сондай-ақ, скринингтік зерттеулер шеңберінде 2 570 әйел сүт безі обырымен есепке алынды. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға тексерілген 21 060 әйелдің 359-нда ауру табылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Төлеген Жігітаев өз кезегінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының  бас дәрігерлерін скрининг сапасына баса назар аударуға шақырды.

Жұмыс отырысы соңында өңірдің бірқатар медициналық ұйымдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департаментінің марапатына ие болды.

 Ведомство басшысы Алмагүл Құсатаева облыстың денсаулық сақтау басқармасының бірнеше медициналық мекемесін мінсіз қызметімен құттықтап, құрмет грамоталарын тапсырды.

көрсеткені және пациенттердің құқықтарын қолдау және ішкі аудит қызметінің үздік жұмысы үшін мыналар марапатталды: Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы,  Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы, Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы, "Защита теміржол ауруханасы" ЖШС, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, және  "Медициналық-санитарлық бөлім-2" ЖШС марапатталды.

Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы үлесі мен адал еңбегі үшін аккредиттелген тәуелсіз республикалық сарапшылар: Лидия Антропова (амбулаториялық орталық) және Алма Бұрымбетова (ана мен бала орталығы) жеке марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив