Талдықорған-Өскемен жолы биыл толық қолданысқа беріледі - министр
фото: depositphotos.com
Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев «Талдықорған – Өскемен» бағытындағы жолдың биыл толық қолданысқа берілетінін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
«Талдықорған – Өскемен» автожолының ұзындығы - 768 шақырым. Бүгінгі күні 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселген болса, үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген. Учаскеге 700-ден астам жол техникасы, 1 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған», - деді ол.
Министр шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдалануға берілетінін айтты.
«Жоба бойынша жұмыстың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізіліп жатыр. Жалпы жылдың соңына дейін жұмыстардың бәрі аяқталып, тапсырылады», - деді Марат Қарабаев.