Талдықорған-Өскемен жолындағы жұмыстар қашан аяқталады?
Фото: z-taraz.kz
Талдықорған – Өскемен тасжолы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Қазіргі уақыттаұзындығы 768 шақырым болатын Талдықорған – Өскемен тасжолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Қазіргі таңда 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселді.
Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған.
Қазіргі таңда қуаттылығы 2,4 мың тонна/сағ-тан асатын 12 асфальтбетон зауыты және 2,3 мың тонна/сағ 9 ұсақтап іріктейтін зауыт мобилизацияланып, 861 бірлік техника мен 1312 адам жұмылдырылды.
2024 жылы жобаны аяқтауды жоспарланып отыр.