KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Елімізде геологиялық барлау жүргізетін зертхана құрылуы мүмкін

16.07.2024, 17:47 129 ALTAINEWS

Елімізде геологиялық барлау жүргізетін және кендегі пайдалы қазбалардың құрамын анықтайтын арнайы зертхана құрылуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты.

Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылар кен үлгілерін шетелдік зертханаларға жібереді. Бұл, әлбетте, қыруар қаражат пен уақытты талап етеді. Пайдалы қазбаға бай Қазақстан үшін зертхана мәселесін жолға қоюдың стратегиялық маңызы да зор.

– Бұл мәселенің түйінін шешетін уақыт жетті. Біз осыдан он жыл бұрын тәжірибелік-өндірістік алаңдары бар металлургия орталығын құруды бастаған едік. Бірақ бұл жоба қазір қағаз жүзінде ғана бар. Депутаттар аталмыш мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп келеді. Бұл ретте тағы бір мәселе тұсау болып тұр, ол – әлсіз ақпараттық база. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін 2,2 миллион шаршы шақырым аумаққа геологиялық барлау жүргізу қажет. Себебі бұл ел экономикасын дамытудың кепілі, – деді Шәкәрім Бұқтұғытов.

Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, қазір Парламентте қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатыр. Өзгерістер мақұлданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар үшін және тау-кен металлургиясы мен көмірсутегіне қатысты жобалар үшін бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталық құрылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір жер қойнауын пайдаланушылар міндетті бір пайызды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударады. Бұл қаражаттың бір бөлігі геологиялық барлауға, сондай-ақ сарқылған және тотыққан кендерді өндіру тиімділігін арттыруға бағытталуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив