KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Қазақстанда геологиялық барлау ісі тоқыраудың аз-ақ алдында тұр

18.02.2020, 10:02 140

Қазақстанда геологиялық барлау ісі тоқыраудың аз-ақ алдында тұр. Мамандардың пікірінше, пайдалы қазбалардың тапшылығынан, жұмыс орындарының қысқаруы және білікті мамандардың жетіспеуінен бірқатар өнеркәсіптік қалалар жабылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстан ендігі 10-15 жылда мыс, қорғасын және кейбір сирек металлдар тапшылығына ұшырайды. Ресми деректердің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда республикада 8 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары бар. Кеңес уақытында ашылған бұл шоғырлардың қоры таусылуға жақын. Ал жаңа кен орындары ашылған жоқ. Осы себепті бірнеше өнеркәсіптік қалалардағы өмір тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай қауіп аймағында Жезқазған, Сәтпаев, Зырян және Риддер болуы ықтимал. Бұған көптеген ірі кен орындарының жабылуы айқын дәлел. ШҚО-дағы Зыряновское, Шемонаихинское және Юбилейное кен орындары толығымен өңделген. Бұлай жалғаса берсе, уақыт өте келе Тишинское, Орлов, Малеевское кен орындары жабылады.

Еліміздің геологиялық барлау ісін бұрынғы қуатты қалпына келтіру үшін бірқатар мәселелер оң шешімін табуы тиіс. Атап айтқанда – жер қойнауын зерттеу жүйесі бұзылған және жаңа технологиялар мүмкіндігінше пайдаланылмайды, ал ғалымдар мемлекет тарапынан қолдау көрмейді. Басты міндет – бұл салада тәжірибелі мамандарды даярлау.

Геологиялық барлау ісі елімізде қайта жаңғырады деп айту әлі ерте. Сарапшылардың мәлімдеуінше, елдің минералдық-шикізат базасы әлеуетті. Мысалы, егер мұнай қорын алатын болсақ, оларды 4,5 миллиард тоннадан 76 миллиард тоннаға дейін арттыруға болады.

Әділ Әуезхан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив