KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Алтай ауданында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

10.03.2020, 05:13 320

ШҚО-ның Алтай ауданында алтын қорын анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазгеология» АҚ 18 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізбек. Ол учаскелердің бесеуі Алтай, Жезқазған, Сәтпаев моноқалалардың маңында орналасқан.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Алтай ауданының Ревнюшинский алаңында алтын-полиметалл орындарын анықтау бойынша ірі ауқымды жұмыстар басталып қойған. Кенді минералдану анықталса, ауданның шикізат базасы нығая түседі деп күтілуде.

Ағымдағы жылы нысандарда дала, зертханалық және өңдеу жұмыстары жалғасын табады. Оның нәтижесі бойынша зерттеліп жатқан аумақтардың келешегіне қатысты баға берілмек.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу