KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.63 534.46 5.28

Бір Қабатты Шығыс: Тарбағатайда 62 үй бой көтереді

сурет редакция мұрағатынан

17.07.2024, 12:20 98 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында «Бір Қабатты Шығыс» бағдарламасы табысты іске асырылып келеді.  Биыл аталмыш бағдарлама аясында Тарбағатай ауданында 62 үй бой көтереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл үйлердің көпшілігі аудан орталығы Ақжарда салынып жатыр. Сонымен қатар Маңырақ, Жаңауыл, Қарасу және Байтоғас ауылдарында да жаңа баспаналар бой көтереді.

– Биыл Ақжар ауылының «Мектеп» ықшам ауданында «Бір Қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жаңа үйлер салынып жатыр. Жалпы аудан көлемінде 62 баспананың құрылысы жүруде. Аудан басшысы мердігерлермен кездесіп, құрылысты бақылауда ұстап отырған  бейінді бөлім  мамандарының есебіне сүйене отырып, бірқатар сын-ескертпелер айтты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған бұл тұрғын үйлердің басым бөлігі аудан орталығы Ақжар ауылында, сондай-ақ  Маңырақ, Жаңауыл, Қарасу және Байтоғас ауылдарында бой көтереді, – делінген Тарбағатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив