KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
481.63 534.46 5.28

1414-тен келген SMS: eGov қазақстандықтарға ескерту жасады

фото: matritca.kz

17.07.2024, 15:34 99 Оразай Жеңісұлы

Қазақстандықтардан 1414 нөмірінен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу сұралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

eGov.kz мәліметінше, қаскүнем хабарламадағы кодты пайдаланып, цифрлық деректерге қолжеткізе алады.

"ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру арқылы оларға заңды қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауапты боласыз", - деп ескертілді қазақстандықтарға.

Деректерді қалай қорғауға болады:

  • 1414 кодын үшінші тұлғаларға көрсетпеңіз;
  • ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілті болса, онда жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтаруды қадағалау қажет;
  • ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ берілуі қажет;
  • егер ЭЦҚ кілттері бар флэшканы жоғалтып алсаңыз, жоғалған ЭЦҚ кілттерін қайтарып алуыңыз керек;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ кілттерін алу кезінде парольді өзгертуді ұмытпаңыз;
  • Бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін ақылы түрде ашып беру қызметін қолданбаңыз.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив