Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан жүлделі орын иеленді
Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «D» сынып оқушысы Жеңісханова Айзере халықаралық "Туймаада" қашықтық олимпиадасынан 1-орынға ие болды.
М. А. Алексеевтың атымен өткізілетін Халықаралықолимпиада математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Абишева Жанар Семейкановнаның шәкірті Айзере олимпиадаға химия пәнінен, "Неорганикалық және физикалық химия" бағытында 12 сыныптық оқу бағдарламасының 10-сынып оқушыларына дейін "Кіші лигасына" қатысқан. Ұзақ уақыт дайындықты талап еткен үлкен жұмыстан кейін Айзере Жеңісханова 1-орынды иеленіп отыр.