Өскеменнен Атырауға тікелей рейс ашыла ма?
фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетімен танысқан Үкімет басшысы Олжас Бектенов саланы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Алдағы уаықтта көлік желісі мен әуе қатынасын кеңейтуге басымдық беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Курорттық аймақтың көлік-логистикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Астана, Алматы, Шымкент және Қарағандыдан Өскеменге тікелей әуе қатынасы жолға қойылған. Енді Атыраудан тікелей бағыт ашу келісіліп жатыр.
Бірегей табиғаты, ерекше климатты бар Шығыс өңірінде туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік зор. Өткен жылы аймақтағы ішкі туристік ағын 2,7 пайызға өсіп, демалушылар саны 350 мыңнан асты. Шетелдік туристер санының артуына Қазақстан мен ҚХР арасындағы визасыз режим ықпал еткенін айта кеткен жөн.