KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Әлемнің үнін қайта есту де бір бақыт

24.07.2024, 16:01 129 Айна Ескенқызы

Өңір дәрігерлері, өкінішке орай, шығысқазақстандық  ересектерде де, балаларда да есту қабілетінің бұзылуы жиі анықталатынын айтады. Қазір өңірде 18 жасқа дейінгі  балалар арасында мүлдем естімейтін  отыз және  нашар еститін 108 бала есепте тұр. Құлағы нашар  еститін 75 ересек бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыста ересектер де, балалар да диагностикамен және уақтылы емдеумен жақсы қамтамасыз етілген. Барлық емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда скринингтік аппараттар бар, олар перзентханадан шыққан нәрестелерде  есту қабілетінің  бұзылуын бірден уақтылы анықтауға көмектеседі.  Есту қабілеті  ары қарай терең зерттеледі. Сурдологтар, ЛОР дәрігерлер  өз  диагноздарын қойып, балалар мен ересектерді есепке алады, -дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас сурдологы,  оториналоринголог Жаннұр Төкенова.

Медициналық көмек стандарты бойынша мемлекет мүлде естімейтін  және құлағының мүкісі бар барлық шығысқазақстандықтарға веб-камерасы бар ноутбуктер, сағаттар, телефондар, смартфондар сияқты сурдотехниканы тегін береді. Соған қарамастан проблемалар да кездеседі.

-Бұл Қазақстанның барлық сурдологтарының азабы! Елімізде мүгедектік есту қабілетінің бұзылуының төртінші дәрежесінде ғана беріледі.  Қалғандары-бірінші, екінші және үшінші дәрежелі есту қабілеті бұзылғандар есту протезін қажет етеді. Олар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған адамдар, есту қабілетінің жоғалуына байланысты жұмысқа да орналаса алмайды, ал есту аппараттары оларға берілмейді, бірақ әркім өз есебінен сатып алуға шамалары келе бермейді, - деп атап өтті Жаннұр Төкенова.

Бұл жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көмекке келеді. Айта кету керек, өңірде есту қабілеті бұзылған балаларға сәтті операция жасалып, медициналық сала бойынша оңалтылады.

ШҚО Ана мен бала орталығында кохлеарлық аппаратты имплантациялау бойынша жоғары технологиялық операциялар 2022 жылдан бастап жүргізіле бастады. Алдымен үш бала ғана есту мүмкіндігіне ие болды, келесі жылы – 20 балаға көмек берілді. 2024 жылдың басында 26 имплантация және екінші жартыжылдықта тағы төрт операция жасалады. Нәтижесінде облыстың 48 баласына кохлеарлық аппараттар орнатылды.

- Бұл 80-90% жағдайда адамдарға әлемді естуге мүмкіндік беретін инновациялық әдіс. Өкінішке орай, бұл әдіс те көмектеспейтін есту қабілеті бұзылған жас пациенттер бар. Мысалы, Ұлан ауданы Мамай батыр ауылының 16 жастағы тұрғыны Артем Қудинов  жас ғұмырының жартысында  асқынып бара жатқан кереңдікпен күресіп келді,  - дейді облыстың бас сурдологы.

Фаузия Кудинова ұлының есту қабілеті сегіз жасынан нашарлай бастағанын айтады.

–Есту қабілеті  жыл сайын нашарлап, мүлдем  естімей қалды.  Балама бірнеше ота жасалды, ортаңғы құлақтың шеміршектерін алып тастады, сондықтан кохлеарлық аппаратты орнататын ештеңе жоқ. Қанша аурухананың босағасын таптап, қаншама дәрігерден өткеніміздің саны жоқ. Облыстың штаттан тыс сурдологы бас Жаннұр Тоқановаға барғанымыз жақсы бопты. Ол кісінің көмегінің арқасында ұлым  қалыпты өмірге оралды, - дейді  Артем Қудиновтың анасы.

Маманның дер кезінде араласуының арқасында Артем облыста бас сүйегіне есту аппараты орнатылған алғашқы  шығысқазақстандық  төрт ересек пациент пен  16 жастағы Артем Кудинов осы  операцияға шақырылды. Содан кейін оларға Жаннұр Токенованың бақылауымен құрылғылар қосылд, пациенттер алғаш рет дыбыстарды естіді.

- Артемнің  бас сүйегіне есту аппаратының процессорын ұстай алатын имплант орнатылды. Мұндай операция сыртқы ортаңғы құлақтың дамуында туа біткен кемістігі бар пациенттер мен құлағы нашар еститін адамдарға көмектесе алады. Яғни, дыбыстық толқынның сыртқы және ортаңғы құлақ арқылы нашар өтуінің кесірінен есту қабілеті жоғалған адамдарға көмектеседі. Бұл импланттың құны 6,5 млн теңгеден асады, - деп түсіндірді Жаннұр Тоқанова.

Енді Артем өмірінің сегіз жылында алғаш рет жақсы естиді.

- Маған өте ауыр болды, мен оқуымды дұрыс  оқи алмадым, сыныптастарыммен араласа алмадым, небір келеңсіз жағдайларға тап болдым, көліктердің дыбысын да естімедім. Тіпті үмітімді жоғалта бастадым.  Құрылғы орнатылғаннан кейін мен дыбыстарды  қайта естідім, өмірге деген құштарлығым қайта оянды,  армандарым бар! Мен судың шуы мен құстардың әнін естимін, бұл - баға жетпес байлық! Дәрігерлерге маған сыйлаған  мүмкіндік үшін  алғысым шексіз, - дейді Артем толғана.

Бозбала жоғары деңгейлі аспаз болуды армандайды және аспаздықтың қыр-сырын меңгеру үшін колледжге түсуге дайындалып жүр.

 Ал оның анасы МӘМС жүйесіне сенбейтіндерге өз мысалын айтудан жалықпайды.

- Менің ұлымды не күтіп тұрды? Толық кереңдік, мүгедектік, қоғамға қажетсіздік.  Сақтандыру медицинасының арқасында ғана Артем  толыққанды өмірге оралды. Ай сайын  ӘМСҚ жарналарын төлеу кімге қажет, пайдасын кім көреді деп сұрайтындар көп. Мен оны енді анық білем. Қымбат операциялар  мен емделуге өз қаражаттары жетпейтін ауыр науқас балалардың, қарттардың, науқас адамдардың өмірін сақтап қалуға керек! Сол мақсатқа жұмсалады, - дейді Фаузия Кудинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу