KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Облыстың дәрігерлері бас сүйегіне есту аппаратын имплантациялады

Фото: ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының баспасөз қызметінен
Фото: ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының баспасөз қызметінен
26.06.2024, 17:10 217 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының дәрігерлері мастер-класс шеңберінде құлағы нашар еститін   пациенттердің бас сүйегіне  есту аппаратын имплантациялау бойынша алғаш рет операция жасады. Отаны орталықтың инновациялық медицина бөлімінің дәрігерлері Литваның көрнекті отоларингологы Гедрюс Гилиспен бірлесіп жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-Есту аппаратын имплантациялау хирургиясы жоғары технологиялық оталар болып саналады және әртүрлі есту қабілеті бұзылған науқастарда есту қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Операцияның мәні - аппарат (имплант) науқастың терісінің астына, құлақтың артына немесе бас сүйегіне енгізіледі. Дыбыстық процессор дыбысты қабылдап қана қоймай, оны толық естуге мүмкіндік береді.  Біз Литвадан келген әріптесіміз Гедрюс Гилиске шеберлік сабағын өткізгені үшін, жаңа білімдеріміз үшін алғысымызды білдіреміз, бұл бағытты алдағы уақытта өңірімізде дамытатын боламыз,-дейді инновациялық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Уап.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық  филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мастер-класс мамыр айының соңында Семей қаласындағы медициналық университеттің базасында өткен. Шығыс Қазақстаннан операцияға есту қабілеті әртүрлі бес пациент іріктеліп алынып, шақырылыпты.

Имплантация операциясынан кейін құрылғылар облыстың штаттан тыс бас  сурдологы Жаннұр Токенованың бақылауымен қосылды және пациенттер алғаш рет жаңа дыбыстарды естіді.

-Біз үшін осындай пациенттерді оңалту мәселесі өте өзекті. Өңірде шамамен 75 ересек адам осы көмекке мұқтаж. Бүгін операциядан кейін біз есту аппараттарын қостық. Құны алты млн теңгеден асатын жоғары технологиялы медициналық көмек кешені пациенттерге МӘМС аясында көрсетілді, - деп атап өтті  дәрігер-оториналоринголог, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас сурдологы Жаннұр Төкенова.
-Бұл ота сыртқы ортаңғы құлақтың дамуында туа біткен ауытқуы бар пациенттер мен құлағы нашар еститін адамдарға көмектесе алады. Яғни, дыбыстық толқынның сыртқы және ортаңғы құлақ арқылы нашар өтуінің кесірінен есту қабілеті жоғалған кезде көмектеседі, деп қосты сурдолог.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу