ШҚО-да көру және есту қабілеті нашар балалар саны артып барады

Шартты сурет
ШҚО-да 2018 жылмен салыстырғанда көру және есту қабілеті нашар балалар саны едәуір артқан.
Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандар бұған балалардың күн тәртібінің бұзылуы себеп болып отырғанын атап өтті.
2022 жылы облыс орталығында 0-9 сыныпта оқитын 27 709 бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен. Тексеру қорытындысын 2018 жылмен салыстырғанда көру және есту қабілетін нашар, омыртқасында ақауы бар және сколиоз диагнозы қойылған балалар саны артқаны байқалады.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар балалардың күн тәртібінің бұзылуы, гаджеттерді, смартфон мен компьютерлерді шектеусіз пайдалану, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі мен таза ауаның жеткіліксіздігі, құлаққаптар мен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болады.