KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Робот дәрігер алғаш рет адамның тісін емдеді

5.08.2024, 22:10 110 Айжанат Бақытқызы

Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді. New Atlas порталы жазғандай, ол жұмысты адамнан сегіз есе жылдам орындады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Жасанды интеллект тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.

Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек, бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін нақты жасай алады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу