Ұлан ауданының әкімі тағайындалды
Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен өңір басшысы Ермек Көшербаев ауданның жаңа әкімі Арман Бекбосыновты таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Арман Бекбосынов 1973 жылыЗайсан ауданында дүниеге келген. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, мамандығы - автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының пайдалануға беру бөлімінде бірінші санатты инженер болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Глубокое аудандарының әкімі болып еңбек етті.
2021 жылдан бастап Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.