KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар қажет?

фото: depositphotos.com

12.08.2024, 11:44 179 Айжанат Бақытқызы

ҚР Оқу ағарту министрлігі баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Баланы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

*қабылдауға арналған жолдама;

*өтініш;

*қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе электрондық құжаттар қызметінен цифрлық құжат;

*баланың туу туралы куәлігі немесе электрондық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;

*№ 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы;
*№ 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
*№ 027/у нысанды анықтама;

*психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін).

«Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады», — делінген ҚР Оқу ағарту министрлігі таратқан хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу