"Бес түрлі құжат керек" – ШҚО-да бірінші сыныпқа қабылдау басталды
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
ШҚО-да балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Байжанованың айтуынша, мектепке 6 жасқа толған балалар келуі керек. Сондай-ақ ата-аналарының қалауымен жыл соңына дейін 6 жасқа толатын балалар да қабылданады.
Айтпақшы, баланы мектепке бармай-ақ, vko.ddo.kz сайты арқылы тіркетуге де болады. Сайт кез келген уақытта жұмыс істей береді. Құжатты сканерлеп, электронды қолыңызды қоясыз.
Осы орайда баланы тіркету үшін келесідей құжаттар керегін жаза кетпекпіз:
– Баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
– Туу туралы куәлігі;
– Баланың денсаулығы туралы екі құжат (форма 026/у-3 және форма 063/у);
– Екі 3х4 суреті.