"Балабақшаға бармаған балаларға арналған дайындық курстары бар" – Мектепке қабылдаудың жаңа ережесі
Биылдан бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдаудың ережесі өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді жыл соңына дейін 6 жасқа толатын кез келген бала, ата-анасының қалауымен, мектепке қабылданады. Бұрын тек 6-ға толғандлар ғана қабылданатын еді.
Балабақшаға бармаған балаларға арналған дайындық курстары да жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Егер бала балабақшаға бармаса, қысқамерзімді курстан өтуге міндеттеледі.
Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, VKO.DDO.kz сайты арқылы балаларды мектепке тіркеуге болады. Портал аптаның кез келген күнінде кез келген уақытында істей береді. Ал жауап жұмыс күндері келеді сізге. Электронды цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) болуы міндетті.
Сондай-ақ арнайы білім бретін білім ошақтарынан өзге мектептерде баланы қабылдау үшін ешқандай сынақ жүргізілмейді.
Осы орайда баланы тіркету үшін келесідей құжаттар керегін жаза кетпекпіз:
– Баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
– Туу туралы куәлігі;
– Баланың денсаулығы туралы екі құжат (форма 026/у-3 және форма 063/у);
– Екі 3х4 суреті.