KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Денсаулық сақтау министрі ШҚО дәрігерлерін марапаттады

29.08.2024, 11:29 79 Айжанат Бақытқызы

Өңірге жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қиын жағдайдағы аналар мен балалардың өмірін сақтап қалған білікті дәрігерлерге салалық марапаттар табыстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Марапатталғандардың арасында ИТРАБ меңгерушісі, жиырма жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-реаниматолог Гаухар Мырзағалиева, отыз жылдық тәжірибесі бар 1-санатты дәрігер-реаниматолог Елена Дмитриева және 41 жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-анестезиолог Александр Нарейко бар.

Облыста ана өлімінің алдын алу жағдайының нәтижелері бойынша жоғары санатты дәрігер-кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Еділ Ботабаев, Ана мен бала орталығыны дәрігерлері – облыстың бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов және акушер-гинеколог Лиза Қасымханова да марапатқа ұсынылды.

Айта кетсек, соңғы екі айда ғана облыс дәрігерлері үш адамның өмірін құтқарып қалды.

Оның бірі - денесінің көп бөлігін күйік шалған жүкті әйел Диана Долгова. Сондай-ақ, жақында дәрігерлер ауыр септикалық пневмонияға шалдыққан, өкпесінің 80 пайызы зақымдалған 18 жастағы науқастың өмірін алғаш рет ЭКМО әдісін қолдана отырып аман сақтап қалды. Қыздың жағдайы жақсарып, инфекциялық бөлімшеге ауыстырылды.

Сонымен қатар ауыр интоксикация және көп ағзалық  жеткіліксіздікпен түскен Самар ауданының 44 жастағы тұрғыны да құтқарылды. 20 күн ем алғаннан кейін оның жағдайы тұрақталып, ол да терапия бөлімшесіне ауыстырылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу