KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Ана мен бала: ШҚО-да дәрігерлерді оқытуға баса назар аударылады

Фото: doverie-med.ru

24.02.2024, 23:33 201 Айна Ескенқызы

Биыл өңірде ана мен баланы қорғау мәселесі бойынша емхана дәрігерлерін оқытуға баса назар аударылатын болады.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Мәдина Мырзабекова өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Altаinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелерге  назар аударып, емдеу орындарының заманауи медициналық құралдармен жабдықталуымен бірге  мамандардың  білімді әрі білікті болуына жағдай жасау қажеттілігін айтады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі ана мен бала өлімін азайту мақсатында мамандардың біліктілігін жетілдіруге жеткілікті көңіл бөледі. Мысалы, Алматының Акушерлік және гинекология ғылыми орталығымен босандыру қызметі мамандарын оқыту бойынша меморандумға отыру жоспарланған.

Жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар және орта медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырудан өтеді. Өткен жылы Ана мен бала орталығы облыстағы босандыру қызметінің жетекші ұйымы болып танылды және қазір аудандарда мамандарды жергілікті жерлерде оқытатын кураторлар тағайындалды. 

Былтыр Латвия мен Израильде алты маман оқып келді, олардың ішінде екі акушер-гинеколог, неонатолог, педиатр және анестезиолог–реаниматолог бар.  2023 жылы республикалық және шетелдік мамандардың қатысуымен бес  мастер-класс өткізілді және 107 маман біліктіліктерін ұштады. Семинар-тренингтер  барысында 63 маман, каскадты әдіспен аудандық ауруханалардан 102 маман оқытылды.

Салалық басқарма басшысының бұйрығымен Ана мен бала орталығының мамандары (акушер-гинеколог, неонатолог және анестезиолог-реаниматолог) аудандық ауруханаларға жетекшілік етеді. ШҚО ДБ бұйрығымен антенатальды күтім бойынша үйлестіруші және балалар облыстық гинекологы анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив