Кейінгі ұрпаққа сапалы авто және теміржол қалдыруымыз керек – Тоқаев
фото: depositphotos.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика секторын дамыту мәселесі жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақорданың телеграм арнасына сілтеме жасап.
Еліміздің Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасуы әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз.
– Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн. Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек. Бұл – айдан анық нәрсе. Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан темір жолы» компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс, – деді Президент.
Оқи отырыңыз