KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

«Таза Қазақстан» тұрақты экологиялық жобаға айналады

2.09.2024, 12:23 138 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биылғы көктемнен бері «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп келеді. Ендігі кезекте бұл жоба жыл бойы жалғасатын тұрақты экологиялық жобаға айналмақ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады, – деді Президент.

Сонымен қатар мемелекет басшысы бұл жобаның уақытша науқан емес екендігін айта келе, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет деді. Тіпті, тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген әдетіне, өзге ел қызыға қарайтын қасиеттерінің біріне айналуы керек екендігі айтылды.

– Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті. Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы, –деді Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу