«Жасыл аймақ»: Шығыста 20 мың көшет егіледі
Фото: novyjput.ru
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясына 80 мыңнан астам адам қатысып, 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осы жылдың 6 сәуірінен бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғаны белгілі.
«Киелі мекен» апталығы кезеңінде, яғни 15-20 сәуір аралығында 161 саябақ, 136 тарихи-мәдени орын тазартылды.
Ертеңге дейін жалғасатын «Жасыл аймақ» апталығы аясында ШҚО елді мекендерінде орман шаруашылықтары тегін таратқан 20 мың көшет егілмек.
Жалпы, өңірді көгалдандыру жоспарына сәйкес биыл 123,2 мың ағаш отырғызу жоспарланған.