Ғани Шаймарданов: – Катонқарағайда туризм түлей түседі
Өздеріңізге белгілі, бүгін Мемлекет басшысы кезекті Жолдауын жариялады. Бұл жолғы тоғыз бөлімнен тұратын саяси құжатта бірқатар маңызды мәселе қозғалып, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Ел Президенті түйткілді мәселелерге тоқталып, кейбір саладағы кемшіліктерді де атап көрсетті.
Жолдауда эканомикалық салаға аса басымдық берілді. Бұл ретте ел қазынасына қаржы әкелетін туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. Себебі ішкі туризмді дамыту елдің әлеуетін арттыруға жол ашады.
Жолдаудағы нақты тапсырмаларды уақытылы сапалы орындау баршамыз үшін маңызды. Ендеше еліміздің көркікті орындарының бірі және бірегейі Катонқарағай ауданындағы туризм саласына жаңа жол ашылып, ішкі туризм түлей түспек.
Ғани Шаймарданов
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты