«111» байланыс орталығы болып қай ұйым анықталды?
Цифрлық даму министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы «Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 байланыс орталығын анықтау туралы» бұйрығы бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«111» байланыс орталығы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға болып табылады.
Бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру шеңберінде қабылданды. Оған «Неке және отбасы туралы» Кодексіне «111» байланыс орталығы тұжырымдамасын енгізу туралы өзгерту енгізіледі.
Бұйрық 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енеді.