«111» байланыс орталығы қалай жұмыс істейді?
Фото: depositphotos.com
Цифрлық даму министрі «111» байланыс орталығының әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметінің қағидаларын бекітті.
Байланыс орталығының «111» телефон нөмірі тегін, тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Байланыс орталығының негізгі міндеттері – өтініш берушілерге отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үздіксіз ақпараттық-анықтамалық консультация, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек беру, келіп түскен өтініштерге байланысты мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету.
«111» байланыс орталығы өтініш берушінің мәселесін шешу үшін орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға ауызша не жазбаша сұрау жібереді. Сұранымда өтініштің тақырыбына тікелей қатысты мәліметтер мен фактілер ғана көрсетіледі. Алынған ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Қағида 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.