KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Назерке Қабылбекқызы: – АЭС-тың артықшылығы көп

3.09.2024, 16:44 110

Менің ойымша, Қазақстанда атом электр стансасын салудың артықшылығы көп. Ол – ең алдымен, экология тазалығы, сондай-ақ экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімділігі. Еліміздегі көптеген өндіріс орны экологияны ластап, ел тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Атом электр стансасы болса, керісінше атмосфераға шығарындыларды азайтады. Бұл ұлт саулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Болашақта бүгінде пайдаланып отырған жаңартылмайтын энергия көздері жойылып кетуі мүмкін, ал атом электр стансасы бұл мәселені шеше алады.

Жоғарыда атап өткенімдей, атом электр стансасының құрылысы қолданыстағы жылу электр орталықтарына қарағанда айтарлықтай артықшылықтарға ие.

Қазіргі уақытта отандастарымыздың кейбірі елімізде атом электр стансасының салынуына қарсы. Ал өз басым осы саланың маманы ретінде республика аумағында атом электр стансасының салынуын толықтай қолдаймын.

 

Назерке Қабылбекқызы

ШҚТУ-дың «Жылу энергетикасы» мамандығы
бойынша бірінші курс докторанты

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив