Гүлмира Мұрсалова: АЭС - "жасыл" энергетиканың тұрақты көзі
Атом электр стансасының өзге энергия көздерінен бірқатар артықшылығы бар.
Бұл туралы Шығыс өңірінің жұртшылығына Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Еліміздегі су электр стансалары мен жылу электр орталықтары жыл сайын, шамамен, 60 миллион тонна көмір жағады. Зиянды қалдықтар экологияны уақыт өткен сайын ластап жатыр. Ірі қалалар мен өндіріс ошақтары шоғырланған өңірлердің тұрғындары ауа сапасына сәт сайын шағымданады. Бүгінде энергияның 70 пайызы көмір жағу арқылы өндірілетінін ескерсек, жағдай оңалады деу қиын. Сондықтан әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің «жасыл» энергетиканың тұрақты көзі – атом электр стансасының игілігіне ұмтылуы тегін емес.