KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды

6.09.2024, 16:18 197 Нұржан Кенжеұлы

Катонқарағай ауданының әкімі болып Данияр Дүйсембаев тағайындалды. Облыс әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапары барысында ауданның жаңа басшысын активке таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Данияр Дүйсембаев 1979 жылы 15 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Өркен ауылдық округінде дүниеге келген.

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (Қазақ тілі мен әдебиеті), 2007 жылы Орталық-Азия университетінде (Юриспруденция), 2019 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (Экономика) білім алған.

Әр жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен. Ұзақ уақыт бойы Өскемен әкімдігінің істер басқармасында, сонымен қатар Риддер қаласы әкімдігінің аппаратын басқарды. Бір жылға жуық ол Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап бүгінге дейін облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болды.

– Ауданды гүлдендіруге бар күш-жігерін салады деп сенемін, – деген өңір басшысы Ермек Көшербаев Катонқарағай әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу