KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, В
486.44 534.31 5.06

АЭС-тің баламалы энергия көздерінен артықшылығы неде? Маман пікірі

12.09.2024, 16:47 119 Анель Слямғазықызы

Атом электр станциясын салу бойынша референдум қарсаңында өңірде түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.  Мәселен бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада сала мамандары қала жұртшылығын толғандырған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәл қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан сұрақтарға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы,  ҚР құрметті энергетигі Айбек Ақаев жауап берді.

– АЭС – жасыл энергетика көзі. Жаңа энергия көзін игерудің маңызы зор. Өйткені Қазақстан уран қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі. Халық арасында жаңғыртылған энергия көздерін неге дамытпаймыз деген сұрақ бар. Ол сала да дамып келеді. Бірақ жаңғыртылған энергия көздерінің қуаты төмен. Мәселен, жел электр станциясының қуат коэффиценті 35 пайызға, күн электр станциясының қуат коэффиценті 18 пайызға тең. Өйткені жел немесе күн болмағанда аталмыш станциялар жұмыс істейді. Ал АЭС-тің қуат коэффицентті 90 пайызға дейін жетеді, – деп түсіндірді Айбек Ақаев.

Маманның айтуынша, қазір АЭС салуға әр елдің ұсынған технологиялары көп. Солардың ішінде ғылыми технологиялық әлеуетін бағалай отырып 4 компания таңдалған. Салу барысында бүгінге дейін болған апаттарды алдын ала отырып, қауіпсіздікке аса көңіл бөлінеді. Қазақстан ғалымдарының, соның ішінде Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының зерттеуінде АЭС-ның келтіретін зияны төмен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив