KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

АЭС салу. Қазақстанға атом энергетикасы не үшін қажет? Сарапшы пікірі.

6.09.2024, 09:11 143 Жанаргүл Мұқатай

Қоғамда қызу талқыланып, үлкен пікірталас тудырып жатқан елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеп, тиісті Жарлыққа қол қойды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ дың сәулет құрылыс және энергетика мектебінің деканы, PhD докторы, Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі Айбек Ақаев АЭС салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Айбек Мұратбекұлының айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бір жылдан бері қозғалып, біздің қоғамда көптеген пікірталас тудыруда. ШҚТУ ұжымында да осы тақырып төңірегінде қоғамдық тыңдаулар, семинарлар, талқылаулар өткізіліп келеді.

Талқылау энергетикалық тәуелсіздік, АЭС жұмысының қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік, кадрлармен қамту және т.б. факторлардың төңірегінде өрбіп жатыр.

-Егер елімізде АЭС салынып жатса,  мысалы, екі реакторлы етіп салынатын болса, онда станцияда  шамамен 2000 ға жуық маман қызмет атқаратын болады, бірақ, оның бәрі энергетиктер болмайды, дәл сол атом саласы бойынша 100 ге тарта ғана жоғары білімді мамандар қажет болады. АЭС салатын болсақ, оны салуға  10 жыл кетеді. Осы 10 жыл ішінде Қазақстанның техникалық университеттері өздерінің білім беру бағдарламаларын қайта қарастырып, қажетті мамандарды дайындап шығарады деген сенімдемін. Мөлшермен АЭС ке маман дайындайды делініп отырған еліміздегі жеті университет өзіміздің білім беру бағдарламамызды қазірден бастап атом саласына қарай ыңғайлап, атом электр станциясында жұмыс істей алатын білікті мамандарды, ұлттық кадрларды дайындап шығаруымыз керек. Алдағы жылдары атом энергетикасы дамыған алыс, жақын шетелдердің университеттерімен бірлесіп, осы атом энергетикасы бағытындағы мамандықтарға оқытуды бастаймыз деген жоспарымыз бар. Оның үстіне, АЭС ті салатын мердігер компаниялар  қазақстандық мамандарды станцияда жұмыс істеуге үйретуге міндетті. Бүгінгі таңда біздің университетте жыл сайын 100 ден астам электр энергетикасы, жылу энергетикасы  бағытындағы мамандар дайындалып шығарылып жатыр. Университетте техникалық физика мамандықтары да оқытылып жатыр. Біздегі білім беру бағдарламасын қадағалайтын «Атамекен»  рейтингі бойынша, біздің оқу орнының жылу энергетика мамандарын даярлайтын білім беру бағдарламасы республика көлемінде екінші орында тұр, ҚазҰУ нен кейін.  ШҚТУ да атом саласы бойынша мамандарды дайындау тәжірибесі бар. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының тапсырысы бойынша оқу орны уран өндірудің инновациялық әдістері, ядролық энергетика бағытында мамандар даярлап келеді, -деді Айбек Ақаев.

Айбек Ақаевтың ойынша, бейбіт атом энергетикасының әлеуетін пайдалану біздің елімізде ұлттық экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын құруға мүмкіндік береді. АЭС-жасыл энергетика. АЭС салу  еліміздегі энергия тапшылығын жойып, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету екенін түсіну маңызды. Қазақстан азаматтары тарапынан «АЭС ке тірелмей, энергиямен қамтудың  басқа жолдары неге қарастырылмайды?» деген  пікірлер айтылуда. Қазақстанда бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар  көп.  Жасыл энергетиканы дамыту үшін, энергия тапшылығын азайту үшін қазіргі күні біздің елімізде жаңартылған баламалы энергия көздері нысандары   көптеп  салынып жатыр. Былтырғы жылдың есебі бойынша Қазақстанда 144 осындай нысан: 45 күн электр станциясы, 57 жел электр станциясы, 39 су электр станциясы, 3 биоотын бөлу нысаны салынған. Сонымен қатар, алдағы жылдары  елімізде бірнеше жылу электр орталықтары салынады. Соның біреуі біздің Өскеменде салынады. Осы сияқты генерация алатын барлық энергия көздерінің мүмкіндіктері жан -жақты қарастырып жатырмыз.

-АЭС салу экономикалық, экологиялық жағынан алсақ та өте тиімді. Себебі, бір станция салсақ біз бір жылдың ішінде ауаға шығарылатын  көмір қышқыл газын 10  млн ға дейін азайтамыз,-дейді Айбек Мұратбекұлы.

Білікті мамандар мәселесіне қайтып оралатын болсақ, сарапшы маман елімізде  АЭС қызметін бастапқы жылдары қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар екендігін де айтты. Алматыдағы ядролық физика институтында реактор жұмыс істеп тұр. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарында, медицина саласында пайдаланылып жатыр. Ал, өзіміздің облысқа көршілес Абай облысындағы Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық жұмыс істеп жатыр. Онда екі реактор жұмыс істеп тұр. ШҚТУ ды бітірген түлектердің біразы сонда жұмыс істеп жатыр. Осы нысандардағы мамандарды АЭС жұмысына бейімдесе, дайын кадрлар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу