KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Қазақстанда Ковентри университетінің филиалы ашылды

Фото: ru.eureporter.co

13.09.2024, 18:01 83 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда Ұлыбританиядағы ең үздік 10 жоғары оқу орнының тізіміне енгізілген Ковентри университетінің филиалы ашылды. Бұл елдегі жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ковентри университеті (CU) әлемдік деңгейдегі білім беру ордасы ретінде танымал.

Әсіресе инженерия, бизнес және технология салаларындағы білім беруі бойынша көшбасшылардың қатарына кіреді.

Guardian басылымының рейтингі бойынша Ұлыбританиядағы ең үздік 10 жоғары оқу орнының тізіміне енгізілген.

«Қазақстандағы CU филиалы халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын ұсына отырып, осында оқитын студенттерге әлемдік деңгейде білім алуға мүмкіндік береді.

Бұл филиал елдегі білім беру жүйесін жаһандық трендтермен үйлестіріп, кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады»,-деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив