KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Тәртіп сақшылары банк қызметкерлеріне түсіндіру жүргізді – Өскемен

Фото: Өскемен қаласы ПБ ресми парақшасынан алынды

16.08.2023, 10:31 372

Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Halyk Bank филиалдарында интернет-алаяқтық туралы ескерту жүргізіп жатыр.

Аталған іс-шараны тәртіп сақшылары банк қызметкерлерімен және Halyk Bank қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бірлесіп өткізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Halyk Bank клиенттерімен жеке әңгіме өткізілді. Сонымен қатар қызметкерлер Интернет желісінде және телефон арқылы жасалған қылмыстарға назар аударды, жиі кездесетін алдау схемалары туралы хабарлады. Банкке келушілерге белгісіз тұлғаларға өзінің дербес деректерін, карта мен шоттардың деректерін, смс-хабарламалардағы кодты хабарламауға, күдікті тұлғаларға сенбеуге, олардан келіп түскен кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Банк менеджерлеріне бөгде тұлғаның өзгенің атына несие рәсімдеуіне жол бермеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар несие рәсімдеу мен ақша беру кезінде клиенттің эмоционалдық жағдайына назар аудару ұсынылды. Бұл қадам алаяқтық әрекетінің алдын алу мақсатын көздейді.

                  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу