KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

15 қыркүйектен тұмауға қарсы вакцинация басталды - ШҚО

25.09.2020, 09:41 422

Күз мезгілі басталысымен тұмауға қарсы вакцинация маусымы басталады. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес, осы жылы тұмауға қарсы вакцинациялау 15 қыркүйектен басталады.

БМСК деңгейінде тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін тұмаудан асқыну қаупі жоғары топқа жататын 79 910 адамға 338 егу кабинеттері ұйымдастырылды. «СК-Фармация»-ның жергілікті бюджетінен бөлінген қаржыға 88 539 доза вакцина сатып алынды.
Вакцинация маусымы 15 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін әзірге 29 340 адам екпе алды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 28 119 адам, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 221 адам егілді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 516 бала екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019-2020 жж. эпидмаусымда (қыркүйек-сәуір) 60 455 ЖРВИ жағдайы тіркелген болатын. Тұмауға қарсы вакцинаның 85 134 дозасы сатып алынып, вакцина толығымен 100% игерілген.

Өткен жылы тұмауға қарсы барлығы 146 044 адам егілді, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 85 134 адам, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 39 042 адам, ақылы негізде 21 868 адам егілді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 326, 17 486 медицина қызметкері, 4 119 жүкті әйел егілді.

ЖРВИ және тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық кезеңі әлі жалғасуда.
Биылғы жылы жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаудың маусымы коронавирустық инфекцияның болжамалы екінші толқынымен сәйкес келеді. Сондықтан денсаулықты алдын-ала нығайтуға кеңес береміз.

Респираторлық инфекциялардың жаппай таралуы кезінде көпшілік жиналатын жерлерге бармауға, көбірек жаяу жүрген абзал. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, қолды жиі жуып, антисептиктерді қолдану қажет. Тұмауға қарсы күресте сенімді көмекшілердің бірі – С дәрумені, ол аурудың асқыну маусымы кезінде алдын-алу мақсатында қабылданады.

Есіңізде болсын, тұмаудың және оның асқынуының алдын алудың сенімді әдісі – вакцинация. Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың асқынуын алдын алу жолында жоғары тиімділікке ие болып табылады.

ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу