KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Қазақстан мектептерінде «алғашқы қоңырау» аптаның жексенбісінде соғылады

8.08.2019, 08:14 234

Қазақстан мектептерінде «алғашқы қоңырау» аптаның жексенбісінде соғылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Салтанатты жиын 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектептерінде өтеді. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

– Жиын 1 қыркүйекте өтеді, алайда бұл күні оқушылар сабақ оқымайды, – деп мәлімдеді БҒМ.

«Білім туралы» Заңға сәйкес, бірінші сыныпқа Қазақстандағы балалар алты жастан бастап барады. Осы орайда айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында еліміздегі 7024 мектептің табалдырығын 3 миллионнан астам оқушы аттады.

Бұған дейін «Алтайньюс» тілшісі жаңа оқу жылындағы өзгерістер туралы хабарлаған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу