KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Өскеменде үздік жас оқырмандар марапатталды

7.11.2022, 09:30 712 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада балаларға арналған «Жаз кітаппен көңілді» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Қала әкімдігінің қолдауымен өткен байқауды Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұйымдастырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылды Президент Балалар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай қала әкімі маусым айында балалардың  жазғы демалысын тиімді өткізуі үшін кітап оқуға байқауын жариялады.

- Біз жаздың басында байқау жарияладық. Ол жазғы демалысының көп уақытын  кітапханда өткізген кішкентай оқырмандар арасында болды. Конкурсқа 45 бала қатысты. Соның ішінде 4 бала жеңімпаз атанды. Кітапхан – руханият ордасы. Сондықтан барлықтарыңызды кітапханада қосымша білім алып, кітап оқуға шақырамыз, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Байқауға қатысқан балалар қала әкімімен емін-еркін сұхбат құрды. Өздерінің ойларын, пікірлерін ортаға салды. Қандай кітап оқу керек, қалай жетістікке жету керектігін және қалай ел басқару керектігі жайлы сұрақтар қойылды. Осы орайда ерекше бір айта кететіні, кездесу сәтінде қаламыздың ең жас қаламгері Еркінова Ерке Алмасқызы өзінің «Терек мамығы» атты ертегі кітабінің бір данасын қала әкіміне, екіншісін кітапханаға тарту етті. Ерке биыл жеті жаста.

- Ерке бұл кітапты биыл жазды. Алдымен осы терек мамығы туралы зерттеу жұмысын жүргізді. Мамықтан болған өрт оқиғаларының алын алу үшін, «Терек мамығы» атты ертегіні жазып шықты. Кітап екі қоян туралы. Яғни, қояндар мамықты қызқтап, жағып жіберген.салдарынан табиғатқа зиян келген. Соны негізге алып жазды. Қызым бес жасынан бастап кітап оқып, өзі жұмбақ құрастырып, зерек боды. Алдағы уақытта кітапты қаладағы кітапханаларға таратуды жоспарлап отырмыз, - дейді Еркенің анасы Ақмарал Ермекова.

Шара барысында балаларға арналған кітап көрмесі ашылды. Кішкентай оқырмандар өздрінің демалыста оқыған кітаптарын әңгімелеп, өлеңмен өрнек өрді.

Байқауға келген оқушылар КШТ ықшам ауданына үлкен кітапханының керектігін де айтып қалды. Ал әкім болса, алдағы уақытта салынатындығын айтты.

- 19 ықшам ауданына кітапхана салу жоспарда бар. Қазір Ілияс Есенберлин мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында үлкен кешен салуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде үлкен кітапханада болады, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Шара соңында барлық қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу