KZ
Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

7.03.2023, 18:11 722 Оразай Жеңісұлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды", - деді министр.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу