KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде III Халықаралық педагогикалық форум басталды

5.04.2023, 09:57 385 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында білім беру ісінің мамандары мен болашақ педагогтарға арналған III Халықаралық форум басталды.

Аталмыш шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеті оқу орындарының өкілдері қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форум Өскемен жоғары политехникалық колледжінің алаңында өткізіліп жатыр.

Мұнда әр елден жиналған педагогтар түрлі технологиялар мен оқыту әдістерін көрсетіп, білім берудің өзекті тақырыптарын талқылайды, тәжірибе алмасады. Мұның бәрі болашақта облысымыздағы білім сапасының айтарлықтай артуына ықпалын тигізеді, дейді форумға қатысушы, психотерапия магистрі Венера Көкенова.

Форумды "ШҚО кәсіптік білім беру орталығы" КММ, Өскемен жоғары политехникалық колледжі мен "Когалым политехникалық колледжі" БМ ұйымдастырған. Ал қатысушылар қатарында "Новосибирск құрылыс-монтаж колледжі" мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, Минск мемлекеттік монтаждау технологиялары және көлік логистикасы колледжі, Сібір мемлекеттік су көлігі университеті, Бішкек техникалық колледжі және ТМД-ның басқа да көптеген оқу орындарының өкілдері бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив