ШҚО-да ЖОО мен студенттердің ата-аналары арасында берік байланыс бар
Соның нақты бір дәлеліндей, Шығыстағы техникалық университетте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың, облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның қатысуымен жалпыға бірдей ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс басталмас бұрын ата-аналар мен құрметті қонақтар үшін білім ордасына экскурсия ұйымдастырылып, оқу орнының материалдық-техникалық базасы таныстырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арнайы көрмеде университет мектептерінің әлеуеті көрсетіліп, ата-аналар оқытушылармен, ғалымдармен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында ата-аналар жиналысында Руслан Тоқтарбекұлы биылғы болатын Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерге, жаңашылдықтарға тоқталып, оның тәртіптері мен ережелері туралы жан-жақты баяндады.
Ал Инесса Александровна өз хабарламасында жиналғандарға өңірдегі ҰБТ-ны ұйымдастыру шаралары, биыл қатысатын оқушылар статистикасы туралы ортақ деректерді ұсынды.
Жиын соңында ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарға өңірлік білім басқармасы басшысынан және Ұлттық тестілеу орталығының директорынан толыққанды жауаптар алды.
Аталған маңызды кездесуге барлығы 200-ге жуық ата-аналар жиналса, тағы 100-ге жуығы онлайн қатысты. Жиын қорытындысында балаларының оқу процесіне, ғылыми жұмыстарына белсенді қатысқан ата-аналарға университет атынан алғыс жарияланды.