KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Алтай ауданындағы 12 білім ордасына жөндеу жұмыстары жүргізілді

30.08.2023, 16:17 678 Ләззат Қанатқызы

29 тамыз күні Алтай ауданының білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті.

Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға міндеттер белгіленді. Ұстаздар алдында аудан әкімі Ернар Мустафин сөз сөйледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан әкімі алдағы уақытта атқарылатын жекелеген міндеттерге тоқталды.

 

1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі: 28 мектепте ыстық тамақ; асханасы жоқ 9 мектепте – буфеттік тамақтану ұйымдастырылады. Алтай ауданындағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау аясында 12 білім беру мекемесінде 15 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді,  деп атап өтті ол.

Білім берудің басым бағыты – сапалы білім беру қызметін көрсету, онымен бірге білім сапасы мен оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 63,7  пайызды құраған.

Кеңес соңында аудан әкімі ұстаздарға алғыс хат табыстап, оқу жылының басталуымен құттықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу