KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Балаларды тегін тамақпен қамту үшін 1,7 млрд теңге қаржы бөлінеді – ШҚО

16.08.2023, 09:36 801 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін 1,7 млрд теңге қаржы бөлінбек.

Бұл туралы ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, қазір өңірде 98 мыңнан астам оқушы бар. Ағымдағы жылы 316 мектепте 97 414 оқушыны қамтитын ыстық тамақ ұйымдастырылса, 27 мектепте 693 оқушыға арналған буфеттік тамақ ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл 77 білім беру нысанын жөндеуге 2,1 млрд теңге бөлінген болатын.

Кеңес барысында аймақ басшысы ШҚО-ның барлық мектептерінде сумен қамтамасыз ету, асханалар мен сапалы интернеттің болуы, сондай-ақ спорттық жабдықтар мен басқа да жабдықтарды тексеру қажеттілігі туралы мәселені де көтерді. Астана қаласында болған қайғылы оқиға аясында қалалар мен аудандардың әкімдеріне әр тоқсан сайын мектептің ойын және спорт алаңдарын тексеру тапсырылды.

- Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі 120 мектептің қазандықтары ғимарат ішінде орналасқан, 31 оқу орнында балаларды тамақтандыру ұйымдастырылмаған, оны да тексеру керек. Риддердегі мәселе ерекше бақылауда болады. Осы бағытта Экономика және білім басқармаларының басшыларына, қала басшылығына және әкім орынбасарына бірлесіп жұмыс істеуді тапсырамын, - деді Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу