KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
472.49 515.44 5.41

Шығыстың жастары елорда төрінде бизнес-жобаларын таныстырды

25.04.2024, 16:23 2 416 Ләззат Қанатқызы

Астана қаласында Enactus Kazakhstan National Expo 2024 мектеп оқушылары мен студенттік кәсіпкерлік ұлттық кубогы өтіп жатыр.

Қазақстанның барлық өңіріндегі мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылары бас қосатын байқауда ШҚО намысын Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері қорғайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңірлік ЖОО-ға «Қазцинк» ЖШС демеушілік еткен.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 - Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерінің жыл сайынғы көрмесі. Іс-шараға демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.

Студенттердің конкурстық жұмыстары кәсіпкерліктің әртүрлі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, картонды қайта өңдеу, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған киім тігу, ұлттық және сәнді заттарды жасап шығару үшін киіз бен ескі жүнді қайта өңдеу сияқты жобалар қарастырылған.

ШҚТУ-дан арнайы барған команда 11 жоба ұсынып, оның 4-і алғаш рет World Cup озық лигасының жартылай финалына жолдама алған. Бұл лиганың жеңімпаздары күзде өтетін әлемдік жарыста ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив