KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Шығыстың білімді жастары жеңіспен оралды

28.11.2023, 19:00 925 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстанның жастары қай уақытта болмасын үнемі білім мен ғылым бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

 

Бұл жолы колледж студенттері мен жұмысшы жастар «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жастардың кәсіби шеберлігін бағалауға арналған «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты Астана қаласының «EXPO» халықаралық көрме орталығының базасында өткен. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзыреттілік бойынша 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты.

 
– Байқауға қатысушыларды 520-ға жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері бағалады. Біздің құрама команданың қоржынында 1 алтын, 4 қола, сонымен қатар орташа балдан жоғары жетістіктері үшін 7 медальон бар, – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.


Білімді жастар «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Мехатроника» «Шанақты жөндеу», «Электроника» және өзге де тақырыптар бойынша шеберліктерін сынға салған.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив